Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Қордай ауданында 3 шекаралық застава ашылды

«Оңтүстік» өңірлік басқармасының Қордай шекара жасағына қарасты Сартөбе, Өтеген, Қасық заставасының ашылу салтанаты болып өтті, деп Жамбыл облысының әкімдігі хабарлады.
Жамбыл25 Желтоксан , 09:56

«Жаңа застава қазақ-қырғыз шекарасынан үш шақырым қашықтықта орналасқан. Сарбаздар Шу өзенінің бойындағы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын шекаралық аумақты күзетеді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін шекарашылар әскери лашықтарда өз міндеттерін атқарып келген болса, енді Отан алдындағы азаматтық парызын жаңа кешенде өтемек. Бұл күні сондай-ақ жаңадан соғылған «Қасық» және «Өтеген» шекара заставалары да пайдалануға берілді.

 

 

 




Яндекс.Метрика