«31 мамырда біз саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске аламыз. Репрессия барлық КСРО аумағында өтті. Қазақстанға келетін болсақ, мұнда 103 мың адам сотталып, 25 мыңы атылды. Қазақ зиялыларының қаймағы, ел басшылары түп-тамырымен жойылды. Олар барша Қазақстан бойынша салынған 11 лагерьдің қабырғасында ауыр азаптардан көз жұмды. Онда миллионнан астам адам тұтқында болды. КСРО аумағынан 1,5 миллионнан астам адам Солтүстік Кавказдан, Кореядан, Балтық елдерінен, Украинадан, Ресейден Қазақстанға жер аударылды. Осылайша, біз көпұлтты елге айналдық. Олардың барлығына Қазақстан туған үйге айналды, қазақтар құшақ жая қарсы алды. Содан бері басымыз бірлікте, татулықта қосылған бір xалыққа айналдық. Сондықтан бұл оқиғаны xалқымыз әрдайым жадында ұстауы тиіс», - деді Н. Назарбаев.
Қайрат Жандыбаев