Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Е. Абдрахманов: 2013 жылы ҚР-да машина құрылыс өнімінің көлемі шамамен 850 млрд теңгені құрайды

Биыл елімізде машина құрылыс өнімінің көлемі 840-850 млрд теңгені құрайды, деп мәлімдеді «Қазақстанның машина құрылысшылар кеңесі» заңды тұлғалар бірлестінің басқарма отырысында басқарма мүшесі Есіркеп Абдрахманов.
Астана қаласы25 Желтоксан , 09:21

«Машина құрылысы – елімізде физикалық көлемнің үлкен индексімен қанат жайып келе жатқан салалардың бірі. Ресми мәліметтер бойынша, 11 ай ішінде ФКИ 115,1%  құрады, ал қалған салалар бар болғаны 3 - 4% деңгейінде болды», - дейді Е.Абдрахманов. 

Оның айтуынша, қаражаттың көп бөлігі машина құрылысы құрылғыларын жөндеу мен орнату жұмыстарына жұмсалады.

«Шамамен 300 млрд теңге машиналарды жөндеу мен орнатуға бөлінді. Шамамен 40% машина құрылысы құрылғылары ескі дүниелерді жөндеуге бөлінеді, сол себепті біз қазір жөндеу жұмыстарынан өзіміз жаңадан жасап шығаруға өтуіміз керек. Келер жылы жаңа өнімдерді шығару мен дайындауды жоспарлап отырмыз», - дейді Абдрахманов.

Басқарма мүшесінің айтуынша, келер жылы Қарағанды қаласында «Қазақмыс» корпорациясы машина құрылысы кәсіпкерлігінің жаңғыртылуы жоспарлануда.




Яндекс.Метрика