EXPO-2017

Cirque du Soleil сахна сыртында (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Cirque du Soleil-ден REFLECT эксклюзивті шоуы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне 71 қойылым әзірлеп жатыр. БАҚ өкілдері әртістердің дайындығын сахна сыртынан тамашалауға мүмкіндік алды.
Астана қаласы30 Мамыр , 19:48

Шоу REFLECT –  баламалы энергия көздерінің идеясы мен адамзаттың  болашаққа үздіксіз  ұмтылуын   бейнелейтін  мистикалық әңгіме . Шоу  жаңа  игерілмеген, өзге әлемге  апаруға  мүмкіндік береді, онда тарих пен  қазіргі заман сабақтастығын  акробатикалық  номер   визуалдайды.

Жоба жетекшісі  Бернард Пойрие  қойылымның  негізіне  қазақтың көшпелі тарихы  жатқандығын  айтқан болатын. 

«Біз  38 әртіспен келдік, оның  17-сі отпен жұмыс істейді. 45 degree – бұл тапсырушылардың тапсырмасы бойынша арнайы қойылым дайындайтын арнайы топ.  Біз ЭКСПО-2017  кезінде өз шоуымызды  қоямыз. Қойылымның дайындығына  9 айдай уақыт кетті. Cirque du Soleil әртістері  қазақ орнаменттері тігілген киімдермен  өнер көрсетеді. Сондай-ақ,  қойылымның әуенінде домбыраның үні міндетті  түрде болады.  Біздің нөмір толық дайын десек те болады, оны   репетициялап жатырмыз», - деді Б.Пойрие. 

Ол айтып өткендей,  ең ірі  «Трамплин»  шоуы көрсетіледі, онда  38 әртіс  7 минут бойы өнер көрсетеді.

«Бұл біздің цирктің ең  үздік  қойылымдарының бірі.  Сондай-ақ, мотоциклдермен де шоу өтеді. Жалпы, Қазақстан үшін дайындаған қойылымдарымыз өзге ешбір жерде қайталанбайды», - деді Б.Пойрие. 

 

«Өткен жылдың  тамыз айында  дайындық басталған кезде Қазақстан мен оның мәдениеті  туралы аз білетінмін, қазір оны меңгеріп, біздің шоуда көрініс табуға мүмкіндік алдым.  Біз мәдениетке қайран қалдық.  Болашақты құру үшін қазіргі кез бен өткен оқиғаларды ескеру керек. ЭКСПО тақырыбы – «болашақтың энергиясы», ал цирк  - адами энергия,  сондықтан да мен шоу арқылы энергия таратқым келді.  Әлем туралы екі көрініс барлық жерде бізді сүйемелдейді.   Қойылымда өзінің оқиғасы  бар  кейіпкерге біз Арман деген есім бердік.  Ол  өзі үшін қазақ мәдениетінің  жеті кереметін ашқан археолог:  сәттілік, даналық, байлық, жылдамдық, өсу мен  бата алу. Жарық, дауыс, видео, сәулет  сахналары -  кейіпкердің  жолымен жүруге мүмкіндік  беріп, шоуды әрлендіре  түседі», - деді Ф.Рейнвил. 

Цирк  қойылымының   көркем жетекшілері айтып өткендей,  заманауи сәулеттік  жарықтандыру өткеннің, бүгінгінің және болашақтың әсерін бере алады.  Геолис –  лазерлік видео элементтерін  қамтыған  жарықтық инсталляция Күнді меңзейді,  ол қойылымның маңызды рөлін атқармақ.  Стадиондық экрандар  қаланың заманауи кейпін   көрсетеді.  Видеопроекция  көрерменді толық сол әлемге енгізуге жұмыс істейді. 

Жобаның музыканттары айтып өткендей, барлық әуен мен музыка арнайы Астанадағы ЭКСПО шарасына  орай жазылды,  алғаш рет    таныстырылады. Олар айтқандай, жаңа композициялар  көрермендерге ұнауы тиіс,  ал дәстүрлі қазақ музыкасы  мен аспалы ойындары шоуға этникалық  әсер береді. 

Айта кетейік,  Астанадағы ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылары  көрменің ойын-сауық бағдарламасын таныстырды.  Концерттер мен қойылымдар билеті ақылы болады.  Кейбір концерттерге бару үшін, ЭКСПО билетін алса да жетіп жатыр.  Билеттерді  сатылым бөлімшелері мен ЭКСПО сайтынан алуға болады.

Қайрат Жандыбаев

Фото: автор

 




Яндекс.Метрика