EXPO-2017

ЭКСПО ұйымдастырушылары көрменің ойын-сауық бағдарламасымен таныстырды (ФОТО)

Экспо көрмесінің Медиа орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Оспанов көрменің мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен таныстырды.
Астана қаласы30 Мамыр , 18:17

Ойын-сауық бағдарламасы 10 маусымда сағат 20.30-да ЭКСПО-2017 халықаралық маманандырылған көрмесінің салтанаты ашылу рәсімінен басталады.

«Рәсім бірнеше бөлімге бөлінеді. Бірінші бөлім жаңа Конгресс-орталықта өтеді. Онда күрделі  мультимедиялық шоу, тулар парады өтетін болады. Осыдан кейін көрменің ашылу рәсімі үлкен концерт өтетін амфитеатр аймағына ауысады. Бұдан бөлек, біз үлкен проекциялық шоу ұсынбақпыз. Кейін он минуттық отшашу болып, одан әрі концерттік бағдарламаға ұласады», - деді М. Омаров.


Елорда тұрғындары мен қонақтары Көрменің имидждік мәдени жобаларының бірі «Ұлы дала симфониясы» шоуында бола алады.

Одан әрі көрменің маусымдық бағдарламасы келесі маңызды іс-шараларды қамтитын болады:
•          Қазақ Ұлттық Өнер университетінің концерті (10-12 маусым);
•          The Great Gatsby Ballet - Френсис Скотт Фицджеральд туындысы бойынша заманауи хореография мен кинематография элементтері бар балеттік спектакль (15 маусым);
•          Цирк дю Солей – «Reflect» шоуы (16 маусым - 9 қыркүйек);
•          «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің концерті (18-21 маусым);
•          Gakku ТА қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерт-фестивалі (23 маусым);
•          24 маусымда әлемнің үздік виолончельшілерінің бірі Миша Майский қызы Лили Майскаямен бірге өнер көрсетеді.

Шілде айында  көрменің бағдарламасы отандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен  концерттерді қамтиды.

1 шілдеде  елорданың  тұрғындары мен қонақтары Би-2 және Мумий Тролль концертін тамашай алады.

 «30 Seconds To Mars – Джаред Лето, Шеннон Лето және  Томо Милешевич

Олар миллионнан астам альбом сатып, миллион билеттерді әлем бойынша таратты. Оларды 2 шілде күні «Астана Аренадан» көруге болады. 

Италияның танымал әншілерінің бірі Эрос  Рамазоттиді  19 тамызда көруге болады.

Шараны тмамдайтын қорытынды концерт  2 қыркүйек күні өтеді. Концерт аясында британдық скрипкашы Томас Гульд өнер көрсетпек.

Салтанат Сұраганова

Фото: Қайрат Жандыбаев, ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылары 

 

 




Яндекс.Метрика