Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жамбыл облысында МӘМС ерекшеліктері түсіндірілуде

Жамбыл облысында МӘМС енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Өңірде Ұлт жоспарының денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту салаларын түсіндіруге арналған штаб жұмыс істейді, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Жамбыл30 Мамыр , 19:54

«МӘМС түсіндіру жұмыстары үш кезең бойынша жүргізілуде, олардың аясында 83 739 адамды қамтыған 901  кездесу өткізілді. Бұдан басқа, 2 038 дәрігер мен 6 431 орта буын қызметкері оқытылды. Сонымен қатар, сall-орталық жұмыс істеуде және оның қызметіне күні бүгінге дейін 1 542 өтініш жасалды. Бүгінде 38 арнайы кабинет ашылып, онда 3 452 адамға кеңес берілді», - деп көрсетілген әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен атар, «Емханаға тіркел — МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» акциясы өткізілді. Бүгінде 982 383 азамат емханаға тіркелді.

Естеріңізге сала кететйік, Қазақстанда 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастайды. МӘМС жүйесінде өз мәртебеңді анықтай отырып сіздің сақтандыруыңыз үшін кім төлейтінін анықтауға болады: мемлекет, жұмыс беруші немесе өзіңіз.   




Яндекс.Метрика