Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанда «Аманат» қоғамдық мойындау жүлдесі басталды

2017 жылдың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «Аманат» қоғамдық мойындау жүлдесінің шаралары басталды, деп хабарлады МСМ баспасөз қызметі.
Маңғыстау30 Мамыр , 19:36

 «Аманат» қоғамдық мойындау жүлдесі Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұлттық біртектілік, мәдениет пен дәстүрлерді, рухани жаңғыру аясындағы Қазақстан халқының бірлігі идеяларын қолдау мақсатында құрылды. «Аманат» жүлдесімен еліміздің мәдени және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады», - деді Ырза Тұрсынзада.

Бүгін «Аманат» жүлдесі аясында аймақта «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын қолдауға бағытталған шаралар басталды. Осыған орай республика қоғам қайраткерлерінің Маңғыстау облысының тарихи жерлері – Оғланды, Бекет ата, және т.б. ескерткіштері бойынша сапары басталды. Сапардың мақсаты –тарихи-мәдени және ұлттық құндылықтарды тану мен сақтау арқылы ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.

Тарихи жерлер бойынша көшпелі экспедиция барысында Бекет-ата және Маңғыстау облысы ескерткіштеру туралы публицистикалық фильмнің түсірілімі өтеді. Фильм Бекет-ата образын түсінуді жаңғырту, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген қолөнершілерді тарта отырып Бекет-ата кесенесін ұлттық нақышта безендіру жоспарланған.

Көшпелі шаралардың қорытындылары бойынша Маңғыстау облысында «Аманат. Даму негізі» форумының сессиялары ұйымдастырылады.

Аймақтық кезеңде Маңғыстау облысынан «Аманат» жүлдесіне 7 үміткер іріктеліп, олардың ішінен шыққан жеңімпаз республикалық кезеңге өтеді.




Яндекс.Метрика