Экономика

ШҚО-да жол жөндеу қаражатының лимиті ұлғайды

ШҚО мәслихатының кезектен тыс XI сессиясы барысында 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетке толықтырулар мен өзгертулер енгізу мәселелері талқыланды.
Шығыс Қазақстан30 Мамыр , 18:53

Облыс әкімдігінің хабарлауынша,  қаражатты облыс бюджетіне түскен  қаржы есебінен бөлу жүргізілуде. Биыл жаңа медициналық қондырғыны сатып алуға  4 млрд теңге бөлінеді.  Үш млрд теңгеге жуық қаражатты  48 мектеп пен ЭКСПО аясындағы ұйымдардың жөнделуіне бағыттайды.

Сондай-ақ, бөлінген қаражат есебінен  мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебінің  базасында  Триатлон  бөлімін ашу жоспарланып отыр.

Жол жөндеу, құрылыс пен  энергетика және  тұрғын үй  -коммуналдық шаруашылығының лимиті арттырылды.

Бюджет жобасын ШҚО мәслихатының депутаттары  қабылдады. 




Яндекс.Метрика