АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

АШМ ағымдағы жылы кооперативтер санын 467-ге жеткізуді көздеп отыр

Бұған дейін белгілі болғандай 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 326 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған болатын, енді оның санын 467-ге жеткізу көзделіп отыр. Жалпы, ауыл шарушылығы кооперативтерін құру жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтып берді.
Астана қаласы30 Мамыр , 15:56

Ұсақ шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативке қатыстыру бойынша шаралар қабылданды. Мысалы, барлық 160 ауылдық ауданда семинарлар өткізіліп, 2 248 ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары оқытылды; кооперация туралы сұрақтарға толық мәлімет алу мақсатында Колл-орталық және порталы жұмыс жасауда, ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін модульді сүт қабылдау және мал сою пункттерін кепілсіз және алғашқы жарнасыз сатып алу схемасы енгізілді, сондай-ақ кооператив мүшелері үшін несиелерді кепілдендіру тетігі көзделді.

«2017  жылы мемлекеттік бағдарлама аясында  326 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған болатын, енді оның санын 467-ге жеткізу көзделіп отыр.30 мамырдағы жағдай бойынша 286 бірлік тіркелді, соның ішінде сүт дайындау бойынша 102, ет өндіру және дайындау бойынша 181», - деп келтірді мәліметтерді Қ. Айтуғанов.

Сонымен қатар, вице-министрдің мәліметі бойынша 20 136 бас ірі қара мал басына арналған отбасылық бордақылау алаңы мен 51 жылыжай құрылды. Ауыл шаруашылығы өнімінің тауарлы өндірісіне 40 мыңнан астам жеке қосалқы (ЖҚШ) және ұсақ фермерлік шаруашылықтар қатыстырылды. Айта кетерлік жайт, 2017 жылға 135 мың ЖҚШ жоспарланған.

«Жалпы кооперативтерді құру бойынша жақсы динамика байқалуда. Сонымен қатар, тіркелген кооперативтердің кейбірі ұсынылатын талаптарға сәйкес келмейді, ал жеке өңірлер бойынша жалпы жұмысты күшейту қажет. Осындай кооперативтерді  талаптарға сәйкес келтіру бойынша шаралар әкімдіктерге жеткізілді және олар бойынша нақты жоспар құрастырылды.   Тауар өндірісіне шағын шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды тарту биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында сиыр еті өндірісін 4,1%-ға, құс етін - 9,2%-ға, сүт өндірісі көлемін - 3,3%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті спикер. 

Естеріңізге сала кетейік, келелі отырыста Қайрат Айтуғанов  тұқым шаруашылығын субсидиялауға 7,7 млрд теңге көзделгенін және бүгінгі таңда көктемгі-дала жұмыстары 85%-ға аяқталғанын хабарлады.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика