Қалаларға шоғырлану

Петропавлда Жастар сарайы салынады

Жастармен кездесу кезiнде Құмар Ақсақалов Петропавлда Оқушылар сарайы салынатындығы жөнiндегi жаңалықты жайып салды.
Солтүстік Қазақстан30 Мамыр , 17:51

«Биыл Петропавлда өз балаларымыз үшiн Оқушылар сарайы құрылысын қолға аламыз. Ол барлық талаптарға жауап беретiн, барлық IТ-технологиясы қойылатын қаладағы заманауи супер ғимарат болады. Ондағы бiлiм беру, ойын-сауық, танымдық, құлтемiр техникасы, нанотехнология, биотехнология, медициналық технология және т.б. — барлық деңгейлегi балаларға арналады. Бiздiң балалар суперзаманауи жабдықтармен жарақтанған алаңдарды пайдаланатын болады. Бұл сарай бiр жарым жылдың iшiнде салынады», — дедi облыс әкiмi.

Сонымен бiрге облыс әкiмi жастарға облыс орталығындағы көне бақты жобалауға қатысуға ұсыныс жасады.

«Петропавл қаласының ортасында бақ бар. Соны жобалауға қатысуға шақырамын. Бұл бақ жастар үшiн болсын десеңiздер, бiз қаржы бөлуге әзiрмiз. Оның қалай болу керектiгi, қалай елестететiндерiңiз жөнiнде жобалар ұсыныңыздар. Бiз ертең-ақ қала әкiмiнде жиналып, сiздердiң ұсыныстарыңызды еститiн, мiндеттi түрде есепке алатын боламыз. Қандай спорттық тренажерлер, веложолдар, ойын-сауық пен демалыс орындары — бәрi сiздердiң қолдарыңызбен жасалуы керек. Қиялдаңыздар, ол бiздiң емес, сiздердiң ойларыңыз болсын», — дедi балаларға Құмар Ақсақалов.

Кездесу барысында облыс әкiмi кәсiби-техникалық мекемелердiң студенттерi, шығармашыл балалар ақша табу мүмкiндiгiне ие болу үшiн жағдай жасау қажеттiгiне назар аударды.

 




Яндекс.Метрика