Экономика

Ақмола облысында 42 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді

"Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысына қатысты.
Ақмола30 Мамыр , 20:21

«Бүгінгі таңда Ақмола облысында жұмыс істеп жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 42 мыңнан астам. Оларда жұмыс істейтіндер саны 128,6 мың адамды немесе облыстың экономикалық белсенді халқының жалпы санының 30%-ын құрайды», – деп атап өтті өңір басшысы Мәлік Мырзалин.

Оның айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдауда Кәсіпкерлер палатасы үлкен рөл атқарады. Бұл мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы байланыстырушы буын, оның мақсаты - бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.  

«Бизнес-құрылымдардың өкілдері облыстық және өңірлік деңгейлерде консультациялық-кеңесші органдардың белсенді мүшелері болып табылады», - деп атап өтті облыс әкімі.

Тимур Құлыбаев қазақстандық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және мүдделерін ілгерілету бойынша ҰКП жүргізіп жатқан жұмыс туралы айтып берді және ақмолалық кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді. 




Яндекс.Метрика