Үкімет

ҚР Үкіметі су ресурстарын басқару бойынша Мемлекеттік бағдарлама жобасын мақұлдады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында ағымдағы жылғы Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының Жоспарын орындау қортындылары шығарылды және Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша тәсілдері мақұлданды.
Астана қаласы24 Желтоксан , 12:38

Су ресурстарын басқарудың негізгі тәсілдері туралы Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрі Нұрлан Қаппаров баяндады. 2040 жылға қарай су ресурстарының қолжетімділігі болжамы туралы хабарлаған, министр су тапшылығын кеміту, ұзақ мерзімді жоспардағы су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару бойынша ұсынысын ортаға салды. Оның ішінде атап айтқанда, «жасыл» ылғал сақтағыш технологиялар, суару жүйесін, коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңғырту, ауыз суды тазарту, су көздерін тазалау мен қалпына келтіру, тариф жүйесін қайта қарау, білікті мамандар дайындау сияқты тәсілдер бар.                      

Министрдің сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы, ТКШ секторы және өнеркәсіптер сияқты су қорын негізгі тұтынушы салалар суды пайдалану тиімділігін елеулі түрде арттыра алады. 

«Ауыл шаруашылығында суару жүйесін жаңғырту есебінен су шығынын 66 дан 27 пайызға дейін қысқартып жылына 11,2 млрд. текше метр су үнемдеуге, ал өнеркәсіпте шығынды негізінен қайтармалы сумен жабдықтау жүйесін енгізу есебінен 40 тан 19 пайызға дейін қысқартып, жылына 900 млн. текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді. ТКШ секторы бойынша инфрақұрылымды және тазарту жүйесін жаңғырту арқасында ысырапты 58 ден19 пайызға дейін азайтып, жылына 300 млн. текше метр су үнемдеуге мүмкіндік туады»,-деді Н.Қаппаров.

Қаралған мәселені қортындылаған, Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сумен жабдықтау және су ресурстарын басқару бойынша стратегиялық маңызды бағдарлама жасалғанын атап көрсетті. С.Ахметов «осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Үкімет үшін, әкімдер үшін, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін, ШОБ үшін, МЖК, жеке бастамаларды дамыту, инвестициялар тарту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады» деп есептейді.

 




Яндекс.Метрика