Парламент

Сенат РФ-мен авиациялық іздестіру саласындағы ынтымақтастық келісімін қарады

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Астана қаласы 30 Мамыр, 16:57

Келісімнің мақсаты апаттық жағдайдағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару саласындағы екі мемлекеттің іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

«Келісім шеңберінде бір тарап мемлекетінің іздестіру-құтқару қызметі өз іздестіру-құтқару ауданындағы авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға туралы хабарлама алатыны көзделген, бұл ретте іздестіру және құтқару бойынша барлық қажетті шаралар дереу қабылданады. Көмек кез келген адамға, ол адамның азаматтығына немесе мәртебесіне не оның қандай жағдайда табылғанына қарамастан көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, тараптардың іздестіру-құтқару қызметтері бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу, мемлекетаралық байланыс арналарын тұрақты тексеру, сарапшылардың өзара сапарлары, іздестіру-құтқару ақпаратын алмасу жолымен өзара іс-қимыл жасайды. Құжат Палата отырысының қарауына жіберілді.
 





Яндекс.Метрика