Мәдениетті жаңғырту

Шығыс Қазақстан облысында Киелі жерлер картасы әзірленбек

Шығыс Қазақстан облысының 20-дан астам бірегей объектісі Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енеді, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Шығыс Қазақстан30 Мамыр , 18:12

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс тобының мүшелерімен Шығыс Қазақстанда әзірленіп жатқан рухани жаңғыру өңірлік бағдарламасын талқылады. 

Жиынға қатысушылар Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында айтып өткен негізгі аспектілер туралы сөз қозғады. Өңірде ҚР Президенті атап өткен бағыттарды іске асыру бағдарламасы әзірленіп жатыр.

«Бұл бағдарлама мәдениеттердің алуан түрлілігіне негізделуі тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті айтып өткен үштілділік, "Туған жер" және киелі географиялық жерлер аспектілері маңызды бағыттар болып табылады. Біз адамдар еліміздің аса маңызды құжатын ұғынуы үшін неге қызығушылық білдіріп, не жайлы алаңдайтынын білуіміз керек», – деді Д. Ахметов.

Өңірлік бағдалама аясында ШҚО-да Киелі жерлер картасы әзірлене бастады. Осы тізімге Абай ауданының Қоңыр-Әулие үңгірі, Шілікті қорғандары және өлкенің басқа да көрікті жерлері кірмек. Картаға енгізілген барлық объектілер тарихи, археологиялық және ғылыми негіздемеге ие болуы тиіс. Осы мәселемен құрамына басқармалардың басшылары, жоо ректорлары мен ғалымдар кірген арнайы жұмыс тобы айналысуда. 




Яндекс.Метрика