EXPO-2017

ЭКСПО-2017 аясында Жамбыл облысында туристерге «Silk Way» туры ұйымдастырылады

Жамбыл облысының әкімдігі өңірлік туроператорларымен бірігіп «ЭКСПО-2017» қонақтары үшін 33 туристік бағыт әзірледі.
Жамбыл30 Мамыр , 15:23

Бүгінгі таңда туристік тізімге тарихи-мәдени  нысандарға баруды қамтыған белсенді, әртүрлі  бағыттар бар. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасына енген  қалалар (Құлан, Өрнек, Қостөбе, Баласағұн, Ақыртас сарай кешені, Қарасай петроглифтері)  бар.

«Тоғыз өңірлік турфирма мен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы»  АҚ  арасында  туристердің  ауқымды тобын қабылдау мен жіберу бойынша келісім орнатылды. Барлық  33 нысанда ақпараттық  стендттер үш тілде әзірленді. Сондай-ақ, көрме кезінде жүзеге асырылатын  ақпараттық турлар әзірлеу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «ЛОЛА»  қызғалдақтар фестивалі, «Қымыз party» мен «Бауырсак party» ұйымдастырылады. Көрмені өткізу аясында  шаш үлгісін жасау бойынша визажистердің сайысы өтіп, ұлттық нақыштағы киімдер көрсетілімі өтеді. Туристерге «Silk Way» туры да ұйымдастырылады.

Шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін  облыс  100 еріктіні дайындап отыр, оның  40-ы ағылшын тілі курсына барады.




Яндекс.Метрика