Мәдениетті жаңғырту

Мәдениет және спорт министрлігі бюджеттік қаражаттың 99,7% -ын игерді

Мәдениет және спорт министрлігі нормативті-құқықтық базасын жаңғыртты, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес алдында есеп беру кездесуі барысында.
Астана қаласы30 Мамыр , 13:31

Өткен жылғы қызмет нәтижелері туралы сөз еткен Арыстанбек Мұхамедиұлы министрліктік стратегиялық жоспарында белгіленген міндеттердің толық жүзеге асырылып, бюджеттің игерілуі 99,7% құрағандығын хабарлады.

Одан басқа, ведомство саланың нормативті-құқықтық базасын өзектендіру бойынша ірі жұмыс көлемі жүзеге асырылған.

«2016 жылдың басынан ҚР МСМ 200-ге жуық нормативті-құқықтық акті жасақтап, бекітілді. Олардың арасында сала үшін маңызы зор 4 заң бар»,- деді министр.

Нақтылайтын болсақ, «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Заң мен оған жанаспалы заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Өзгерістердің арқасында әлеуметтік саланы қолдауға алғаш рет бизнес-қауымдастығы тартылды. 2017 жылдан лотереяларды сатудан түскен табыстың 10% бұқаралық спортты қолдауға жолданады. Үрдісті үйлестіру үшін Үкімет қаулысымен лотереяның бірыңғай операторы бекітілді.

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға спорт түрлері бойынша саралауға негізделген спортты қаржыландырудың жаңа моделін енгізетін өзгерістер енгізілді. Аталмыш шара спорттың дамуына республикалық және облыстық деңгейде бөлінетін қаржының объективті және тәуелсіз таратылуын қамтамасыз етеді. Бұрын басымдылық ойын спорт түрлері футбол, хоккей, волейбол, т.б. берілсе, ендігі уақытта бұл жағдай бұқаралық спорт түрлеріне қолдау көрсетудің пайдасына өзгеруі тиіс.

Мәдениет саласында заңнаманың өзектендірілуі бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Парламент депутаттарының бастауымен «Мәдениет туралы» Заң жаңғыртылып, қабылданған өзгерістер мәдениет саласының көптеген проблемаларын шешуге жол ашты. Сонымен қатар Министрлік алғаш рет «Кинематография туралы» Заң жобасын жасап жатса, өткен жылы кино саласын дамытудың концептуалды әдістері туралы кең талқылаулар өтті. Құжаттарды жасауға Ресей, Францияның жетекші шетелдік сарапшылары, қазақстандық киноөндірушілер, прокат өкілдері, дистрибуторлар қатысты. Америка,Франция, Германия, Ресей, Канада, Қытай, Италия және т.б. кинодержава болып есептелетін мемлекеттердің үздік тәжірибелері негізге алынды.

Өткен аптада Үкімет қарауына «Архив ісі мәселелері туралы» Заң жобасы енгізілді. Оның жаңғыруы уақыт өзгерісімен байланысты. Бүгінгі таңда құжаттама өту үрдісін толықтай электронды форматқа өткізіліп, құжаттарды сақтау мен есепке алудың талаптары, нормалары, жағдайлары өзгертілді. Сәйкесінше, тиісті құқықтық база қажет.

Еске салып кетсек, ҚР Мәдениет министрінің Қоғамдық кеңес алдында есеп беруі бүгін Ұлттық кітапханада өтті. Отырысқа мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков төрағалық ететін Кеңес мүшелері, мәдениет, спорт, архив ісі, тілдердің дамуы және туризм саласындағы сарапшылар қатысты.

 




Яндекс.Метрика