ҚР ИИДМБ

Индустрияландыру картасы бойынша Қостанай облысында 6 инвестжоба іске қосылды

Индустрияландыру картасы аясында желтоқсан айы бойынша Қостанай облысында 6 инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Қостанай24 Желтоксан , 12:18

«Желтоқсан айында өңірде 6 инвестициялық жоба іске қосылды. Соның ішінде екеуі ірі жоба: жылына 450 мың тонна құрылыс прокатын шығаратын шағын сұрыпты прокаттық станок құрылысы мен шағын шанақты жинау әдісімен SsangYong Nomad модельді автокөлік өндірісі», - делінген хабарламада.

Жалпы, Қостанай облысында Индустрияландыру картасы бойынша 83 нысан бар. Олардың инвестициясының жалпы құны 393,9 млрд теңге.

Индустрияландыру картасын қолға алғалы 65,4 млрд теңгеге шамамен 3,7 мың жаңа жұмыс орнын ашқан 63 жоба іске асырылған.

 
 




Яндекс.Метрика