Өңірлер

Қарағандыда жаңа Балалар мен жасөспірімдер сарайы салынады

Қарағандыда жаңа Балалар мен жасөспірімдер сарайы мен киноконцерт залы салынады. Бұл туралы депутаттар мен қалалық Қоғамдық кеңесінің Қарағанды облысының әкімі Ералы Қошановпен кездесуінде белгілі болды. Келелі кездесуде қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасатын жаңа орталықтың құрылыс жоспары талқыланды.
Қарағанды30 Мамыр , 12:16

Сонымен, облыс әкімдігінің ақпараты бойынша онда Балалар мен жасөспірімдер сарайы салынады. Жоспар бойынша жаңа ғимаратта Қарағанды бойынша жалғыз 50-метрлік бассейн орналасады. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің өтінішімен төбесі биік спорт залдар болады және олар барлық құрал жабдықтармен қамтылады. Олар гимнастикамен айналысуға және батуттан секіруге арналады. Бұдан басқа БЖС-да шығармашылық ұжымдар, би және вокал ансамбльдері де болады. Ғимараттың жобасы жасалып қойылған.

Киноконцерт залының құрылысына келетін болсақ, бүгінде оның орналасатын жері анықталуда. Белгілі болғандай, жаңа киноконцерт залы 1250 адамды қабылдай алатын болады және заманауи техникамен жабдықталады.  




Яндекс.Метрика