Мәдениетті жаңғырту

Ұлттық музей базасында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды

Ұлттық музей базасында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды, деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және спорт мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес алдында есеп беру барысында.
Астана қаласы30 Мамыр , 11:57

Қазіргі уақытта «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс комиссиясының қызметі басталды. Жобаның негізгі орындаушысы болып табылатын Ұлттық музейдің негізінде «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Орталықта ғалым, археолог, тарихшы, этнограф, өлкетанушылардан құрылған сарапшылар тобы жұмыс істейді. Киелі объектілердің картасын әзірлеудегі барлық музей қызметкерлері мен өлкетанушылардың қызметін біріктіру мақсатында «Өлкетанушылар одағы» құрылды.

 «Бірегей тарихи-мәдени мұраларды ілгерілету мен насихаттау бойынша барлық жұмыстар туризмді дамытудың негізгі бағыттарымен нақты үйлестірілген», - деп қосты Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Нақтылағанда, Кеңес 3.0 жаңғыру және рухани жаңғыру аясындағы міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі Қазақстан», «Туған жер», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «100 жаңа оқулық» жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруды ұсынды.

Сондай-ақ,   ЭКСПО-2017 көрмесі барысында өтетін мәдени-бұқаралық және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және т.б. ұсынды.




Яндекс.Метрика