Өңірлер

Қытай компаниясы Ақмола облысындағы ірі кәсіпорынға инвестиция салмақ

Қытайлық инвесторлар Ақмола облысында жылына 500 мың тонна көлемінде биологиялық масса, атап айтқанда бидай сабанын өңдеу кәсіпорнын салуға ниетті.
Ақмола 30 Мамыр, 19:14

Қытайлық «Anhui Geyi Biorefineries Industrial Park Limited» өнеркәсіптік компаниясының делегациясы Есіл ауданында болды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Инвестициялардың жалпы сомасы 300 млн доллардан астам, осы ретте қытайлық тарап аталған жоба бойынша капитал салымдарының бар көлемін өз мойнына алмақ. Оған қоса, осы кәсіпорын аудан тұрғындары үшін 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға көмектеседі.  

Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 10 млн тоннаға жуық органикалық сұйық және қатты тыңайтқыштар өндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, зауытта 5 мың текше метр метан өндіру жоспарланып отыр, бұл Еуропа мен Қытайға экспорттауға болатын 70 мың тонна биохимиялық лигнин (көптеген өндірістерде және медицинада пайдаланылатын бағалы химиялық шикізат) және 120 млн кВт электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді, ал жылына 20 мың тонна жоғары сапалы қағаз немесе 200 мың тонна картон өндірісін қамтамасыз ету үшін зауыт қажетті шикізат – целлюлоза өндіре алады.

Екінші деңгейлі ауыл шаруашылығы шикізатын таза өңдеу және экологиялық таза электр энергиясын алу жобаның артықшылықтарының бірі болып табылады.

Кәсіпорынның ашылуы Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму салаларына қолайлы әсер етеді.

Қытай делегациясымен осы кездесу Қазақстан Республикасының Вице-Премьері Асқар Мырзахметовтың наурызда Қытайға жасаған жұмыс сапары барысында қол жеткізілген алдын ала келісушіліктердің нәтижесі екенін атап өткен жөн.





Яндекс.Метрика