Өңірлер

Қарағанды облысында 5 модульдік қазандық салынды

Шет ауданының Ақадыр кентінде жылыту қазандықтары мен «буржуйкалар» орнына модульдік қазандықтар келеді.Қала және аудан әкімдері тұрғын үйлерден автономды жылыту жүйелерін (АЖЖ) шығаруға байланысты шаралардың жобасын құрды. Ол жайында аппараттық жиналыста Энергетика және ТКШ облыстық басқармасының жетекшісі Қайрат Бегімов хабарлады.
Қарағанды30 Мамыр , 10:56

Шахандағы қайғылы оқиғадан кейін облыс басшылығы барлық көпқабатты үйлердің жертөлелеріндегі жылыту қазандықтарын сыртқа шығаруды ұйғарды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысындағы 30 көпқабатты үйлерде АЖЖ орналасқан. Оның 14-і Шахан кентінде, 11-і Шет ауданында, 3-і Саранда және бір-біреуден Теміртау мен Ақтоғай ауданында.

Әкімдердің айтуынша бүгінгі таңда Саран, Теміртау және Ақтоғай аудандарында келесі жылыту маусымы басталғанға дейін АЖЖ шығаруға қатысты шешімдер бар.

«Жалпы саны – 5. Шахан кентіне қатысты Шахтинск қаласының әкімігімен 14 АЖЖ шығару кестесі құрылған. Бүгінгі күні екі үйдегі жұмыстар аяқталды», деп мәлімдеді Қайрат Бегімов.

Оның айтуынша Шет ауданының Ақадыр кентінде 5 модульдік қазантық салу жоспарланған. «Жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттама құруға 10,6 млн. теңге бөлінген. Жобаға сай 11 АЖЖ бар көпқабатты тұрғын үйлерді жүйеге қосу, сондай-ақ пеш арқылы жылытылатын 22 екі қабатты үйді де қосу қарастырылған», - дейді басқарма жетекшісі.

Жобаның құны шамамен 148 млн. теңгені құрайды. Сәуір айында жобалық сметалық құжаттарды дайындауға байқау жарияланған болатын, потенциалды жеткізушілер бар. Маусымның ортасына қарай байқаудың қорытындысы жарияланады.




Яндекс.Метрика