Мәдениетті жаңғырту

Қазақстан елшісі қазақ-орыс-армян тілашарын әзірлеуді ұсынды

Қазақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев Арменияның Ғылым академиясы жанындағы Тіл институты, Әдебиет институты және Экономика инстуттының қызметкерлері және сарапшыларымен кездесу өткізді.
Әлемде 30 Мамыр, 10:33

СІМ хабарлағандай,  елші армяндық аудиторияны қазақстандық қоғамдағы ағымдағы оқиғалармен, сондай-ақ еліміздің кейбір ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Атап айтқанда, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» саясатының мәнін түсіндіру кезінде, ол біздің ел тек макроэкономикалық тұрақты дамудың көрсеткіштеріне лайық қана болмай, Қазақстан үшін қажетті әрі қолайлы қоғамдық дамудың стандарттары талаптарына сай болуындағы Қазақстанды жаһандық экономикалық үрдістеріндегі орын алу маңыздылығын атап өтті.

«Бұл мағынада қоғамдық сананың жаңғыруы, саяси кеңістіктегі және экономикалық саладағы Қазақстанның жаңару үрдістерінің жалғасы болып табылады», - деді елші.

Кездесу ҚР экономикалық өзгерістеріне арналып қана қоймай, сондай-ақ еліміздегі қазіргі әдеби үрдістердің ахуалы мен қазақстандық тіл ғылымының өзекті мәселелерін де қозғады. Ұлттықаралық келісім және тұрақты қоғамдық дамудың өзінің жасампаз аспектінде ҚР-дағы ұлттық әдебиетінің ролі атап өтілді.

Тіл саласындағы мәселелер қозғалып, «тіл зерттеушілері мәдениет аралық алмасудың тасымалдаушылары бола тұра, өркениет пен халықаралық қатынастардың үйлесімді дамуына үлесін қосады. Демек, қазіргі уақыттағы тіл білімі саласындағы өзгерістер тек мамандарға ғана емес, қоғамға да қызықты болып отырғаны» аталды. Бұдан басқа, жақын арадағы Елбасымыздың қазақстандық жазуды латын әріпіне көшу мәселесі терең тарихи логикаға ие және Қазақстанның қазіргі даму кезең ерекшелігін қамтитыны көрсетететіні атап өтілді.

Елші аудиторияның сұрақтарына жауап беру кезінде елімізде басталған ауқымды өзгерістер қоғамдық сананың жаңғыртуымен ілесіп жүру керек екендігін баса айтты. Осы орайда армяндық ғалымдарға қоғамымыздағы өзара түсінішілікті кеңейтетін және ғылыми қатынастарды тереңдететін қазақстандық әріптестерімен бірлескен жобаларды жандандыру ұсынылды.

Кездесудің қорытындылары бойынша, үш институттардың басшылығымен екіжақты ғылыми ынтымақтастықты ынталандыру, атап айтқанда, бірінші үштілдік (қазақ-орыс-армян) тілашарды шығару, сондай-ақ басқа да бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру бойынша уағдалыстарға қол жеткізілді.

 





Яндекс.Метрика