Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері велосипедке ауысты

Өскеменде полиция қызметкерлері орталық көшелерде велосипедпен жүріп өтті. Тәртіп сақшылары жаз мезгілінде қозғалыс қатысушыларының жол қауіпсіздігіне назарын аудару үшін ерекше акция өткізді.
Шығыс Қазақстан 30 Мамыр, 10:13

YK-news.kz хабарлағандай, ШҚО ІІД өкілдері велосипедпен қалай дұрыс жүру керектігін, бұрылысты қалай белгілеп, жүргіншілер өткелімен қалай қозғалу керектігін көрсетті. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі велосипедшілерге жолдың көлік жүретін бөлігіне шығуға тыйым салынатынын ескертіп, 7 жасқа дейінгі балаларды арнайы жабдықталған орында тасымалдауды ұсынды.  

«Жаз келісімен экологиялық көлік әуесқойлары қала көшелеріне шығады. Сондықтан, біз азаматтардың назарын велосипедшілердің проблемаларына аудару, оларды жол қозғалысы ережелерін бұзбай жолдың көлік жүретін бөлігімен жүруге үйрету үшін өз қызметкерлерімізді екі доңғалақты көлікке ауыстырдық», - деп түсіндірді ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Ақгүл Атудинова.

Осы айда Өскеменде велосипедшінің қатысуымен бір ғана ЖКО тіркелген, алайда, олардың қозғалысына шағымдардың саны айтарлықтай үлкен. 

Фото: ШҚО ІІД





Яндекс.Метрика