Мәдениетті жаңғырту

Канадада алғаш рет Қазақстан туралы кітап таныстырылды

Канадада Манитоба Университетінің профессоры Франк Альбоның «Астана: Сәулеті, жұмбағы, тағдыры» атты кітабының ресми тұсаукесері өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 30 Мамыр, 09:57

Манитоба провинциясының астанасы Виннипег қаласында өткен іс-шараға Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі Константин Жигалов, Манитоба Мәдениет министрі Рошель Сквайерс, Қаржы министрі Камерон Фризен, провинция Парламентінің депутаттары және шамамен 400 қоғам қайраткерлері қатысты.

Қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде К. Жигалов кітап авторын Қазақстанның тарихы мен мәдениетін сәулет тұрғысынан зерттеген ғылыми жобаның сәтті аяқталуымен құттықтап, Канада тарихындағы алғашқы Қазақстанға арналған кітаптың 2017 жылы басып шығарылуының ерекше символдығын атап өтті.

«Биылғы жылы Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 25 жыл, Президент Н.Ә.Назарбаев бас архитекторы болып саналатын Астана қаласының Елорда болуына 20 жыл толып отыр. Бұл кітап «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы қарсаңында жарық көруде. Профессор Ф. Альбо кітаптың жеке бөлігін оған арнап отырғаны белгілі», – деді К. Жигалов.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі тыңдаушыларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі жетістіктерінің бірі болып жаңа астананың құрылуы табылатын еліміздің жаңғыртылуының басты қадамдары туралы жан-жақты хабардар етті. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан қоғамдық сананы жаңғырту және «Туған жер» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын ескере отырып, автордың көтерген тақырыптардың өзектілігіне де ерекше назар аударылды.

Канада жұртшылығы «Астана: Сәулеті, жұмбағы, тағдыры» кітабына шынымен қызығушылығын танытып, қазіргі кезде оның алғашқы тиражі (4500 дана) толығымен сатылды. Кітап Канаданың ресми бестселлері атағына ие болды.

Ф.Альбо іс-шараға жинаған жұртышылқты кітаптың ресми сайты (www.astanamyth.com), «АТОМ» жобасымен бірге іске асырылып жатқан ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі онлайн науқан, сондай-ақ алдағы уақытта Лондон, Вашингтон, Оттава қалаларында және Астанадағы «ЭКСПО-2017» шеңберінде арнайы тұсаукесер ұйымдастыру туралы өз жоспарларымен таныстырды.





Яндекс.Метрика