Су ресурстарына қатысты саясат

ҚР-да су ресурстарын басқару жөнінде 2 ұлттық компания құрылады - Н. Қаппаров

Су ресурстарын басқару мемлекеттiк бағдарламасы аясында магистралдық және үлестiру инфрақұрылымын басқару бойынша 2 ұлттық компания құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгiн Үкiмет отырысы барысында Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрi Нұрлан Қаппаров мәлiмдедi.
Астана қаласы24 Желтоксан , 12:01

«Су ресурстары комитетi мемлекеттiң су саясатын анықтауда негiзгi рөл атқарады. Ол аса маңызды трансшекаралық келiссөздер жүргізіп, су пайдалануға рұқсат бередi, тиiстi инспекциялық қызметтердi атқарады және де су шаруашылығы нысандарының құрылысымен айналысады», - деді Н.Қаппаров.

Оның айтуынша, саяси функция мен трансшекаралық мәселелер, сондай-ақ құрылыстарды басқару Комитетке тән емес. 

Сондай-ақ, қаралған мәселені қортындылаған, Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сумен жабдықтау және су ресурстарын басқару бойынша стратегиялық маңызды бағдарлама жасалғанын атап көрсетті. С.Ахметов «осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Үкімет үшін, әкімдер үшін, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін, ШОБ үшін, МЖК, жеке бастамаларды дамыту, инвестициялар тарту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады» деп есептейді.

«Басқарудың жаңа жүйесiне сәйкес мемлекеттiң су саясатымен және тарнсшекаралық келiссөздермен Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрлiгi айналысатын болады», - деп толықтырды ол. 

«Министрлiк жанындағы бiр компания су шаруашылығы нысандары құрылысымен, басқарумен айналысатын болады. Өңiрлiк даму министрлiгi жанындағы екiншi ұлттық компания ТКШ саласында аймақтық үлестiру желiлерiнiң құрылысымен және басқару жұмыстарымен айналыспақ», - деп түсiндiрiп өттi ол.

 

 
 
 
 




Яндекс.Метрика