Қалаларға шоғырлану

Павлодарда қысқы дизель отыны шығарылатын болады

Алдағы уақытта Павлодар облысында қысқы дизель отыны шығарылатын болады. Екібастұз қаласының ауылдық аймағында жұмыс сапарымен болған аймақ басшысы Болат Бақауов жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысып қайтты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар30 Мамыр , 08:47

«Alef trade» ЖШС-ің бас директоры Ғалиев Қайырлы облыс әкіміне зауыт ағымдағы жылдың қазан айында іске қосылатынын мәлімдеді.

«Қазіргі кезде дизель отыны мен шикізатты сақтауға арналған ыдыстар мен оларды қоятын алаңдар дайын. Зауытқа электр қуатын беертін тарнсформаторға да тапсырыс беріп үлгердік. Егер, сандармен айтатын болсақ, зауыттың жабдықталуы 70 пайызға дайын. Жергілікті билік инженерлік коммуникацияларды қосуға зор қолдау көрсетті», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика