Экономика

Польшалық компания Павлодарда алюминий бағаналарын өндіруге ниетті

Польшалық «Grupa Kety» компаниясы "Павлодар" арнайы экономикалық аймағында алюминий бағаналарының өндірісін іске қосуы мүмкін. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың компанияның бас директорының орынбасары Петр Высоцкимен кездесуі барысында белгілі болды.
Павлодар29 Мамыр , 20:23

«Павлодарда шикізат ретінде пайдаланылатын алюминий бағаналарының өндірісін реттеу ойда бар. Еуропада нарық бар, ал бізде мұндай өндіріс үшін қуаттылықтар жетіспейді. Барлығы біздің экономикалық есептеріміздің қандай болатынына байланысты», - деп атап өтті Петр Высоцки.

Кездесуді қорытындылай келе, өңір әкімі Болат Бақауов польшалық компания арнайы экономикалық аймақ алаңында жұмыс істейтін болса, жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. 

Польшалық компанияның шет елдерде тәжірибесі бар екенін айта кету керек. Олардың зауыттары Словения мен Украинада жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бұл компания негізінен алюминий пішіндерінің өндірісімен айналысады, 80 мың тонна қосындыланған алюминий өңдеп, өз өнімін 10 елге экспорттайды. 




Яндекс.Метрика