Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Аустралия арасында саяси консультациялар өтті

Астанада Қазақстан мен Аустралия арасында құрылымдық бөлімшелер деңгейінде саяси консультациялардың үшінші раунды өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 29 Мамыр, 19:27

Консультациялар барысында екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру аясында, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібінде құрал-жабдық, технологиялар және қызмет көрсету саласында сауда-экономикалық өзара әрекеттестікті белсендендіру бойынша жаңа шаралар қарастырылды.

Осыған қоса, халықаралық және өңірлік күн тәртібі өзекті мәселелерінің кең шеңбері бойынша, оның ішінде Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелінің басымдықтары бойынша пікір алмасу орын алды.

Тараптар терроризмге қарсы тұру саласында және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша Нью-Йорктегі тұрақты өкілдіктер желісі бойынша өзара әрекеттестік туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Аустралиялық тарап негізгі нәтижесі Сирия аумағында де-эскалация аймақтарын құру және әскери іс-қимылды тоқтату режимін орнату болған Астаналық процессінің төрт раундын өткізу арқылы сириялық реттеуге Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады. 

 

 





Яндекс.Метрика