Халықаралық интеграция

ҚР Елшілігінде «Ашық есік күні» өтті

Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде ҚР Венадағы Елшілігі «Ашық есік күнін» өткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде29 Мамыр , 20:43

Аустрия-қазақстандық қоғамының, Аустриядағы қазақстандық студенттер бірлестігінің мүшелері мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін қазақстандықтармен бірге Елшілік жақын достары мен дипломатиялық өкілдіктің көршілерін қонаққа шақырды.

Қонақтардың назарына «Қазақ Інжулері – Ұлы Дала сарыны» жобасының шеңберіндегі камералы концерт ұсынылды. Аустриядағы жоғары білім орындарында оқитын жас қазақ музыканттар – Вена университетінің музыкалық-театралдық факультетінің студенті Әсел Шерубайқызы (фортепьяно) және Вена консерваториясының студенті Нұрилә Молдабаева (скрипка) қазақ классикалық және халық музыкасының байлығын көрсетті.

Аустриядағы ҚР Елшісі Қ.Сарыбай өзінің алғы сөзінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының маңызды аспектілірін жете түсіндірді. «Қазақ Інжулері» жобасы аталған құжатта белгіленген мақсаттың біріне - ұлттық мәдениетімізді шетелдерде ілгері жылжытуына толық сай келетінін атап өтті. Осы жағдайда тек қана танымалы өнер қайраткерлері ғана емес, сондай-ақ Еуропа және Аустриядағы жоғары білім беру орындарында оқитын жас өспірім өкілдері де басты ролді ойнай алады.

«Ашық есік күні» соңында қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.        

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика