Парламент

Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңінің аяқталуы туралы ҚР Ортсайлаукомының отырысы болды.
Астана қаласы29 Мамыр , 18:09

2017 жылғы 28 сәуірден 28 мамырға дейінгі кезеңде республика бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлығы 89 кандидат ұсынылды. 2014 жылмен салыстырғанда Сенатқа кезекті сайлауда 88 кандидат, ал 2011 жылы – 96 кандидат ұсынылды.

Осылайша, Парламенттің жоғары палатасының депутаттарын сайлау жөніндегі соңғы үш сайлау науқанында ұсыну қорытындылары бойынша бір сенатор мандатына орташа алғанда 5 үміткерден келеді.

«Осы жылы кандидаттардың көбі Астана қаласында ұсынылды – 9 адам, ең азы Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам.Сенатқа қазіргі сайлау барысында өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған кандидаттар санының өсуі байқалады - 82 (92,1%) кандидат (салыстырғанда 2014 жылы - 82,9%,  2011 жылы 82,7%). Бұл ретте мәслихаттар 7 кандидатты (7,9%) ұсынды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен сайлау науқандарымен салытырғанда ұсынуда әйелдердің белсенділігі 2,6 есе өсті: ұсынылған кандидаттардың ішінде 13 әйел (салыстырмалы түрде, 2014 жылы - 5 әйел, 2011 жылы  - 6),  оның ішінде Астана және Алматы қалаларында 7 әйел ұсынылды.

Кандидаттардың орташа жасы 51,9 жасты құрайды (2014 жылы – 54,1;  2011 жылы – 53,3). Ең жас кандидат 30 жаста, үміткерлердің ішіндегі ең үлкені 68 жаста.

Мамандықтары бойынша: 26-сы инженер, 21-і экономист, 10-ы  оқытушы, 10-ы – заңгер, 9-ы  - аграрлық саланың өкілдері, 5-еуі дәрігер, 2-еуі саясаттанушы және 6-ауы басқа мамандық иелері.

Өз кандидатураларын қызметтегі 4 сенатор ұсынды. Ұсынылғандардың ішінде 5-еуі мәслихаттар депутаттары, 35-і - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 13-і - мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 23-і - мемлекеттік қызметшілер және 7-еуі - қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу рәсімі жалғасуда, ол 7 маусымға дейін жалғасады.




Яндекс.Метрика