Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі бағдарды пайдаланды

Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі бағдарды пайдаланды. Тұрғындар үшін бұл бағдар қолайлы, тұрақты жолаушылар да бар, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.
Астана қаласы29 Мамыр , 17:23

Ақпаратқа сәйкес, жолаушылардың үлкен ағымы сағат 23:00-ден 01:00-ге дейін байқалады. Қозғалыс аралығы: 35 минут.

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір түнгі экспресс-бағдар іске қосылатын болады, ол өз қозғалысын «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалынан бастамақ.

Еске сала кетейік, 8 сәуір күні бірінші түнгі № 200 бағдары күн сайын сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін «Астана» теміржол вокзалы – Астана халықаралық әуежайы бағыты бойынша сәтті іске қосылып, қаланың ескі орталығы, вокзал, әуежай, жаңа сол жағалау сияқты бөліктерін қамтыды. Осы бағдар бойынша барлығы 106 жолаушыны қамтитын үш автобус жүреді. Жол ақысы – 150 теңге.




Яндекс.Метрика