Экология

Астанада жыл соңына дейін ботаникалық бақ пайда болады

Астанада жыл соңына дейін ботаникалық бақ пайда болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы29 Мамыр , 16:57

Астананың сол жақ жағалауында аумағы 100 гектар дендрарий пайда болады.Қабабанбай батыр даңғылында орналасатын ботаникалық бақтың құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Қазіргі таңдакөгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бұл жерде жабық оранжерея, жасанды су тоғаны, жүгіру мен велосипедке арналған жолдар болады. Оранжереяда экзотикалық өсімдіктер және пальманың 55-ке жуық түрлері өсіріледі», - деп хабарлады әкімдікте.

Бұдан бөлек, Астананың климаттық жағдайына сай ағаштар мен бұталардың жаңа түрлерін өсіру мен баптауға байланысты түрлі тәжірибелер өткізіліп, оқу- ағартушылық және экологиялық шаралар арқылы ботаникалық бақ ғылыми зертханаға айналмақ.

Жыл соңына дейін ботаникалық баққа 35 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстанда ешқашан өсірілмеген Еуропадан 600 түп ағаш түрлері әкелінеді.

Ботаникалық баққа Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары жыл бойы келіп, тамашалай алады.




Яндекс.Метрика