ҚР Президентінің Жолдауы

ШҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ШҚО әкімдігі мен Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі бірлесіп «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысатын болады.
Шығыс Қазақстан29 Мамыр , 16:14

Таратылған ақпаратқа сәйкес,  ШҚО мен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»АҚ басшылығы арасында «Нұрлы жер» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.

Күтіліп отырғандай, келісім аясында аймақ басшылығы жеке тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады, ал банк – жер телімдерін алғандарды несиелеуді бастайды. Кезекте тұрғандарға жер телімдері дайын инфрақұрылыммен беріледі. Сонымен қатар, оларға  әкімдік бекіткен бір үлгідегі үйлердің бірнеше жобалары ұсынылады.

Бұдан басқа, тараптар займның пайыздық үстемақы мөлшерін төмендету мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, ШҚО-ның екі қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бойынша жеке бағдарлама жасақтау туралы шешім қабылданды. Онда жеке тұрғын үй құрылысын бастағысы келетіндер үшін  алғашқы жарна көлемін төмендету жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес 15 жыл ішінде 1,5 млн қазақстандық отбасы баспаналы болады. Бірінші кезең аясында 2017-2021 жылдары шамамен  53 млн шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне беріледі. 




Яндекс.Метрика