Адами капитал

Ордабасы аудананда 106 жас маман тағылымдамадан өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша тиянақты тірліктер атқарылып келеді.
Оңтүстік Қазақстан29 Мамыр , 15:57

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқытуға 443 азаматты (327 қысқа мерзімді, 116 кәсіби оқыту)  оқыту жоспарланып мамыр айында 131 азамат, маусым айында 196 азамат оқуға жолданады.   Ал, кәсіби оқыту ісі қыркүйек айында жүзеге аспақ.  

«Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша, 180 адам, 59 жұмыс берушіге, әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.  Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 106 жас маман 49 мекемеде тағлымдамадан өткен», - делінген хабарламада.

Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» аясында 40 адамға  101,5 млн. теңге несие беріліп,  50 жаңа жұмыс орындары ашылды деп күтілуде.  

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына тұрақты жұмыспен қамту бойынша  бүгінгі таңда 547 азамат жолдама алды.  




Яндекс.Метрика