Өңірлер

«Қазфосфат» ЖШС өндірісін екі есеге арттырды

Жамбыл химиялық кәсіпорны тыңайтқыштарды Аргентинаға экспорттайды, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Жамбыл 29 Мамыр, 15:23

«Қазфосфат» ЖШС екі бағытта жұмыс істейді – сары фосфор және минералды тыңайтқыштар. Өткен жылы  экстракциялы  фосфор цехінің  құрылысы аяқталды, ол өндіріс көлемін екі есеге арттырып, 300 мың тонна қуаттылыққа шығуға мүмкіндік береді.

Аммосфера  цехі 2018 жылы   қайта жөнделген соң  тыңайтқышты өндіру  500 мың тоннаға жетеді.

«Жаңа нарықтарды игеріп, логистиканы арттыру керек.  Сондықтан жеткізілімдердің географиясы кеңеюде: Қытай, Румыния, Ресей, Украина, Балтық елдері мен ТМД өзге елдерінен бөлек «Қазфосфат» ЖШС  тыңайтқыштарды Аргентинаға  экспорттай бастады. Биыл 100 мың тоннаны жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылдың  күзінде Қытайдың  Синьцзян-Ұйғыр автономды округіне  40 мың тонна жеткізілген болатын, бүгінгі күннің міндеті – 100 мың тоннаға жеткізу», - деді «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Искандеров.

Оның айтуынша, жыл соңында  химиялық кәсіпорын  минералды тыңайтқыштар зауытында аммос өндірісін жоспарлап отыр. Осылайша, 2020 жылға қарай оның көлемін  1 млн тоннаға жеткізу қарастырылған.

Айта кетейік, жамбылдық зауытта екі фосфорлық пеш жұмыс істейді. Маусым айынан бастап  үш пешті режимге көшу қарастырылып отыр. Еуропа, Америка, Үндістан нарықтарына өнім жеткізу жоспарланып отыр.





Яндекс.Метрика