Су ресурстарына қатысты саясат

2040 жылға дейін су ресурстарын басқару бойынша ҚР мемлекеттік бағдарламасына инвестициялар көлемі 8,2 трлн теңгеге бағалануда – Н.Қаппаров

Қазақстанның су секторын 2040 жылға дейін жетілдіру үшін капиталдық инвестициялар көлемі су ресурстарын басқару бойынша Мемлекеттік бағдарлама жобасы аясында 8,2 трлн теңгені құрайды, деп хабарлады қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ҚР Үкіметі отырысында, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.
Астана қаласы24 Желтоксан , 11:40

"2040 жылға дейін су секторын жетілдіруде 8,2 трлн. теңге көлемінде капиталдық инвестициялар қажет, олардың 5,4 трлн. теңге республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан, ал 2,8 трлн. теңге халықаралық даму институттары тарапынан жеке инвестициялар және қарыздай қаржыландыру есебінен қарастырылған", - деді Н.Қаппаров.

"Бағдарлама күтілетін су тапшылығын азайту бойынша бірқатар шаралар ұсынады, олардың 9,5 млрд куб метрін инфрақұрылымды жетілдіру және өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және ТКШ-дағы суды үнемдеуді арттыру бойынша шаралар есебінен жабуға болады", - деп жалғастырды ол.

Сондай-ақ, ҚОСРМ басшысы қосымша 2,7 млрд куб метр суды ылғал сыйымды ауыл шаруашылығы дақылдарының құрамын қайта қарау және құны 800-900 млрд теңге болатын мега-жобалар құрылысы есебінен сақтауға болады. 

Сонымен қатар, су беру инфрақұрылымдарын, магистралдық және бөлу арналарын жетілдіруге 925 млрд теңге қарастырылған. 

Министрдің айтуынша, ТКШ саласында «Ақ бұлақ» бағдарламасының 912 млрд теңге көлеміндегі бюджетке қосымша сумен жабдықтауға және су бұруға 2040 жылға дейін 3,6 трлн теңге инвестициялар жоспарланған. 

"Осылайша, ТКШ секторы ең капитал сыйымды болап табылады. Сонымен бірге, дәл осы сектор тарифтердің қажетті деңгейін қамтамасыз еткен жағдайда жеке инвестициялар тартуға мүмкіндіктер ұсынады", - деп басып айтты ведомство басшысы. 

Табиғатты қорғау ведомствосында судың айтарлықтай көзі жер асты ресурстары болуы мүмкін деп болжап отыр, бірақ оның әлеуетін толық бағалау үшін қосымша геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу қажет.

 

 




Яндекс.Метрика