Евразиялық одақ

Қазақстан ЕАЭО елдеріне экспорт көлемін арттыруда

Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігінің «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы қазақстандық өндірушілердің Еуразиялық экономикалық одақтың бизнес форумына қатысуына жағдай жасады, ол өткен демалыста Цахкадзор (Армения) қаласында өтті.
Әлемде 29 Мамыр, 14:32

Ұлттық компаниядан хабарлағандай, ірі отандық кәсіпорындар –трансформаторлық құралдардың, минералды тыңайтқыштардың, ас тұзының, кондитерлік өнімдердің, майлы өнімдерді, сонымен қатар балық өнімдерін өндірушілер Армения, Ресей, Беларусия мен Қырғызстанның 70-тен астам көтерме сатып алу және дистрибьюторлық компанияларымен, сондай-ақ Грузия мен Иранның компанияларымен келіссөздер жүргізді.

Қазақстандық бизнесті армениялық тарап үлкен қызығушылықпен қарсы алды, отандық тауарды сатып алуға мүдделі екенін көрсетті.

Екіжақты кездесулердің нәтижесінде алдын-ала мәліметтер бойынша қазақстандық және армениялық компаниялар азық-түлік, машина құрылысы, химия өндірісінің өнімдерін жалпы сомасы 4 млн долларға жуық қаражатқа жеткізу туралы келісім жасасты.

Бұдан басқа, аталмыш форумның алаңында «KAZAKH INVEST» еуразиялық экономикалық комиссияның басшылығымен ЕАЭО елдеріне экспорт көлемін арттыру мәселесін және біздің тауарларымызды экспорттауда кездесетін проблемаларды талқылады.

«Осындай пікір-таластар ЕАЭО елдері экспортаушылар үшін серіктестік байланысты орнатуға, еркін сауда бойынша келіссөз жүргізуге және еркін байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай пікір-таластар экспорттық әлеуеті барынша тиімді пайдалануға жағдай жасайды», - деп атап өтті ЕЭК сауда бойынша Коллегия мүшесі (Министр) Вероника Никишина.

Өз кезегінде, қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін экспортқа шығаруда мұндай шаралардың қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Біз өзіміздің қызметімізде отандық тауарды ЕАЭО елдерінің нарығына шығаруға үлкен дең қоямыз. Еуразиялық экономикалық форум аясында қазақстандық экспорттың флагманын таныстырдық. Біздің өніміміз үлкен қызығушылық тудыруда», - деп түйді «KAZAKH INVEST»ҰК»АҚ басқарма төрағасының орынбасары  Мейіржан Майкенов.  





Яндекс.Метрика