Парламент

Қазақстан азаматтарына қорғаушылар тегін консультациялар өткізеді

«Probono» жүйесін енгізу қажеттілігі туралы Әділет министрі Марат Бекетаев Парламент Мәжілісіндегі үкіметтік сағатта мәлімдеді.
Астана қаласы29 Мамыр , 11:53

Министр айтып өткендей, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанда қорғаушылар институтын дамыту үшін «Probono» жүйесін енгізу қажет.

 « «Probono» жүйесін енгізу үшін қорғаушыларға бюджеттік қайтарымсыз халыққа консультациялар өткізудің сағатын бекітіп қою керек. Оған қоса, қорғаушы  тоқсан сайын  коллегияға аталмыш көмек туралы есеп тапсыруы керек», - деді М.Бекетаев.

Ведомство басшысы мәлімдегендей, «Probono» тегін көмек көрсетуді әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүзеге  асырғанды қарастырады.

«Жүйе заңгердің таңдауы  бойынша маңызды талаптардың бірі болып саналады. «Probono» аясындағы сапалы  жұмыс  заңгерге деген сенімділікті арттырады», - деді ол.

Айта кетейік, Мәжілістегі Үкіметтік сағатта Әділет министрі қорғаушылардың ұжымдық тиімді  жұмысын қамтамасыз ету үшін  қорғаушылар кеңсесі мен мәртебесін реформалауды ұсынған болатын.

Ақбота Кузекбай




Яндекс.Метрика