Евразиялық одақ

ЕАЭО-да "бір терезе" механизмін енгізу жұмысы жандануда

Казаньда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (министр) Мұқай Қадырқұлов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің премьер-министрлеріне «бір терезе» механизмін дамыту жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат берді.
Әлемде29 Мамыр , 12:54

Казаньдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі (министр) Мұқай Қадырқұлов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің премьер-министрлеріне «бір терезе» механизмін дамыту жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат берді.

«Бір терезе» механизмі – құқықтық, технологиялық және техникалық аспектілерде төңкеріс жасауға, қолданыстағы бизнес-процестердің өзгеруін қамтамасыз етуге және заңды маңызды деректерді пайдалануға көшуге қабілетті, осылайша, ауқымды тұлғалар тобына деректер ағымын, бизнес-процестерді және өзгерістерді басқара отырып, сыртқы экономикалық қызметті тікелей жеке кабинетінен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сыртқы сауда рәсімдерін оңайлатудың тиімді құралдарының бірі», - деп хабарланды Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК).

Осы жобаға жетекшілік ететін Мұқай Қадырқұлов үкімет басшыларына мүше мемлекеттерде «бір терезе» механизмін іске асыру деңгейі орта есеппен 53,76 % құрайтынын баяндады. Бүгінде ЕАЭО барлық елдерінде «бір терезе» механизмінің электрондық декларациялау немесе е-лицензиялау сияқты жекелеген элементтері іске асырылған ведомствоаралық ақпараттық жүйелер жұмыс істейді.

Мәселені талқылау қорытындылары бойынша премьер-министрлер үкіметтерге 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейін «бір терезе» ұлттық механизмдерін құру бойынша «жол карталарын» өзектендіруді; тиісті іс-шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуді; электрондық құжаттарды пайдалануға көшуді жылдамдатуды; сондай-ақ «бір терезе» механизмін қалыптастыру жұмысына жеке меншік секторының өкілдерін белсенді түрде тартуды тапсырды. Комиссияға осы процестердің үздіксіз мониторингін жүзеге асыру және жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Казань қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты.  




Яндекс.Метрика