Парламент

Әділет министрлігі адвокаттық контораның мәртебесін реформалауды жоспарлауда

Әділет министрлігі адвокаттық контораның мәртебесін реформалауды көздеп отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында өткен Үкімет сағатында ведомство басшысы Марат Бекетаев хабарлады.
Астана қаласы29 Мамыр , 11:42

«Адвокаттық конторалардың жұмысын саралау олардың заманауи талаптарға сай емес екендігін көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда тиімді ұжымдық жұмысты ұйымдастыру өте қиын. Сондықтанда Әділет министрлігі адвокаттық контораны құру тәртібі мен мәртебесін реформалауды ұсынып отыр», - деді  министр Марат Бекетаев.

Сонымен, оның айтуынша, контораларға құқық меншігі негізінде жекеменшікке иелік ету құқығын беру жоспарлануда.

«Бұдан басқа, адвокаттық контораның адвокаттарының біріне контораның атынан сенім білдірушімен келісімге отыру құқығын беру қарастыру керек. Қорғаушының көмегіне сұраныс бүгінгі шынайы жағдайға байланысты және аталмыш қызмет түріне сұраныс күн санап артуда», - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, ведомство басшысы атап өткендей, жыл сайын қорғаушылардың құызметіне деген халықтың көңілінің толмауы да күн санап өршуде және көптеген шағымдар түсуде.  

«Қорғаушының жұмысына деген көңіл толмаушылыққа байланысты тексерікті облыстық президиум коллегиясы жүргізуге құқылы. Тәртіптік жазаны да облыстық президиум коллегиясы тағайындайды. Осы ретте республикалық президиум аймақтық коллегиялардың жұмысын қадағылай алмайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай облыстық коллегия қорғаушыларға тәртіптік жаза тағайындай бермейді. Көптеген жағдайларда адвокаттар тәртіптік жазадан құтылып кетіп отырған», - деп толықтырды ол.  

Қорғаушылардың жауапкершіліктен қашуын болдырмас үшін Әділет министрлігі республикалық коллегияның құзыретін арттыруды ұсынып отыр.

Айта кетерлік жайт, бүгінде елемізде 203 кеңес беру және 149 адвокаттық контора жұмыс істейді.  Олардың басым бөлігі жалғыз қорғаушы ретінде қызмет жасайды.  

Естеріңізге сала кетейік, М. Бекетаев  Үкімет отырысында «Е-нотариат» еліміздегі нотариаттық қызметтердің сапасын арттырғанын айтып берді.  

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика