Басқару

Университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту қажет – Н.Назарбаев

Мемлекет басшысы дербес білім беру мекемелері – «Назарбаев Университеті» мен «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев қорының» Жоғары Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Мамыр , 16:28

Жиында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, университетті және зияткерлік мектептерді дамыту перспективалары, оқу орындарына құжат тапсыратын талапкерлер санын көбейту, Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын жасақтау үшін іріктеу өткізу жайы, сондай-ақ  ұйымдастыру аспектілері қаралды.

Қазақстан Президенті ғылыми-зерттеу үдерісін дамытып, университеттің халықаралық байланыстары аясын кеңейтудің маңыздылығына назар аударды, сондай-ақ бүкіл еліміздегі 20 зияткерлік мектептің тиімді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

« Зияткерлік мектептердің барлық түлектері еліміздегі және шет елдердегі жоғары оқу орындарына түсіп жатыр. Олардың 90 пайыздан астамы –  мемлекеттік гранттар мен университеттердің білім беру гранттарының иегерлері. Білім беру мекемелеріне тың серпін беру үшін біз олардың одан әрі жұмыс жүргізу стратегияларын жандандыра түсуіміз қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы университет жеті жылдан бергі жұмыс барысында елеулі табыстарға жетіп, осы кезең ішінде мыңға жуық студентті түлеткенін атап өтті.

Сондай-ақ, жиында «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің  президенті Ш.Катсу сөз сөйледі.

 




Яндекс.Метрика