EXPO-2017

Көрмеге 150 кәсіби гид-экскурсовод әзірленді

Көрмеге 150 кәсіби гид-экскурсовод әзірленді. Олардың барлығы тренинг пен қонақжайлық түрлерін меңгерген, 11 тілді біледі, деді «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директоры Асқар Адамбеков.
Астана қаласы29 Мамыр , 12:36

Оның айтуынша, аудармашы-гидтердің негізгі бөлігі 6 тілді біледі, 11 тіл білетін полиглоттар да бар.  Олар түрік, қытай, ағылшын, жапон, француз, корей, испан және өзге тілдер.

«Шетелдік туристерге түсіндіру қажет болса, олар толық қызмет көрсете алады», - деді А.Адамбеков.

Сондай-ақ, Астана тарихы мен көне Бозоқ қаласы, көрнекті орындар туралы түсіндіріп беретін   жолбасшы әзірленді.

«Бұдан бөлек, біз өңірлермен жұмыс істеп отырамыз. Олар туристерге Астана туралы қажетті ақпарат береді», - деді ол. 




Яндекс.Метрика