Экономика

ЕАЭО елдерімен өзара сауда 302,6 млн долларды құрады

Алдын ала деректер бойынша 2017 жылғы қаңтар-наурызда Астана қаласының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 302,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңнен 21,6%-ға көп, оның ішінде экспорт - 19,6 млн. АҚШ доллары (10,3%-ға аз), импорт - 283,0 млн. АҚШ доллары (24,6%-ға көп).
Астана қаласы29 Мамыр , 11:13

Астана қаласының статистика департаменті хабарлағандай, 2017 жылғы қаңтар-наурызда  Ресей Федерациясында экспорт 16952,5, мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,9%-ға азайды, импорт  271016,7 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24,7 %-ға көбейді.

2017 жылғы қаңтар-наурызда Беларусь Республикасында импорт 10326,6 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы қаңтар-наурызбен  салыстырғанда 9,7%-ға көбейді, экспорт 56,1 мың АҚШ доллары сомасында қалыптасып, 72,2%-ға азайды.

 




Яндекс.Метрика