Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Астанада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті

Астанада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің 6 өңірінен 70 астам спортшы қатысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы24 Желтоксан , 11:36

«Жарыс барысында алты жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Алматы қаласының спорт шеберлерлері барлық жүлдеге қол жеткізіп, көш бастады. Ұлдар арасында 129,88 ұпай жинаған Данияр Әділов үздік атанды, Әбіш Байтканов 114,39 және Александр Лян 109,48 ұпай жинады», - делінген хабарламада.   

Қыздар арасында 106,59 ұпаймен Айза Мамбекова жеңіске жетті. Регина Глазман және Ирина Воржева сәйкесінше, күміс және қола жүлдеге қолжеткізді. Бірінші разрядтағы ең жас қатысушылар арасында екі бағдарламада да елордалықтар үздік атанды. Никита Манько бірінші (87,90), Рахат Бралин екінші (81,10) орын алды, ал Диас Нұрмет (72,03) үшінші орынға тұрақтады. Осы санатта қыздар арасында алматылық Алана Тоқтарова (81,41) басымдық танытты, қарағандылық Алина Асауова (70,85) екінші, және астаналық Ақерке Меңдолла үшінші орынға табан тіреді.  

Жүлде алған елордалық команданың мүшелерін жарысқа №2 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Александр Белоусов дайындаған. Спорт шеберіне кандидат разрядының қатысушыларынан Қарағанды қаласының өкілі Мелис Хакімов (107,31) алматылық Артур Панихиннен 5 ұпай артық жинап, бірінші орын алды.

Ал спорт шеберіне кандидат қыздар арасында екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Алина Сыдықова 94,25 ұпаймен көш бастады.

 Айта кетейік, Астана мен Алматы қаласынан келген қатысушылар көп болды. Ең үлкені 19 жаста болса, ал ең кішісі 10 жаңа толған екен.

 

 




Яндекс.Метрика