АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ШҚО-да мал шаруашылығын дамыту бойынша кооперативтер құрылады

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтері белсінді құрылуда. Бұл туралы ШҚО аймақтық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Серік Зайнулдин хабарлады.
Шығыс Қазақстан29 Мамыр , 10:53

Бүгінде ауданда 23 кооператив тіркелген. Оның ішінде 1 – өсімдік шаруышылығымен, 1 - жеке топтарды4 қосалқы шаруашылықтырын ұйымдастырумен айналысады және 3 аралас кооператив, тағы 17 ет бағытындағы мал шаруашылығы коперативі. Кооперативтердің құрамында 1952 ірі қара мал басы бар, оның ішінде 124 жылқы басы, 2056 майда мал басы және 2310,3 га жер.

«Жалпы, біздің кооперативтерде 270 адам еңбек етуде. Бұдан басқа, 20 адамнан тұратын 2 кооперативтің құжаты әділет басқармасында тіркеуге өткізілген. Жұмыстар жалғастырылуда», - деп атап өтті С. Зайнулдин.

Толықтырып кететін болсақ, 2016 жылы ет өндірісі шамамен 18 тоннаны, сүт – 73,5 тоннаны, жұмыртқа  – 16,8 мың дананы, жүн - 626 тоннаны құрады. Жалпы, ауданда мал шаруашылығы саласындағы өсім сақталуда. 




Яндекс.Метрика