Экология

Астананы «Торсық және «Қобыз» сәндік кескіндемелерімен әрлендіреді

Жыл аяғына дейін тағы 35 мың тал егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Мамыр , 10:27

«Жыл басынан бері кәсіпорын жұмыскерлері 18 мыңға жуық көшет отырғызды. Жыл соңына дейін тағы 35 мың тал егу жоспарланып отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 16 гектар аумаққа гүл егілді», – деді «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ басқармасы төрағасының өндірістік мәселелері бойынша орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Жыл сайын тәлімбақтарда сәндік тал-шыбықтардың 600-ге жуық түрі: кәдімгі қарағай, сібір шыршасы, татар үйеңкілері, терек және жөке ағаштары өсірілуде. 

Жаз мезгілінің басында қалада француз сұрпының раушан көшеттері пайда болады. Елорда гүлзарлары 8 млн бір жылғы гүлдермен көмкеріледі.  

«Өткен жылдары Елордамыз гүлден жасалған түрлі сәндік кескіндемелер арқылы гүл қалаға айналды. Ал биылғы көгалдандыру жұмыстары «Торсық», «Қобыз», «Мың бұралған арулар», «Куб» сынды пішіндер арқылы ерекшелінуде», - деді Б.Бектемісова.

Айта кетейік, көгалдандыру жұмыстары Елорда құрылысының бас жоспарына сай және 2007-2030 жылдарға арналған қаланы көгалдандыру тұжырымдамасын есепке ала отырып жүргізілуде. 




Яндекс.Метрика