Адами капитал

Астананың интерактивті қолжетімділік картасына 420 нысан енгізіледі

Астана қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау мен қамтамасыз ету шаралар жоспары аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нысандардың қолжетімділігі бойынша паспорттау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігінің бааспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Мамыр , 10:13

Барлық мәліметтер интерактивті қолжетімділік картасына енгізіледі. Бүгінгі күні оған 420 нысан енгізілген.

Құжаттандыруға жататын елордадағы нысандардың жалпы саны – 1106.

Үстіміздегі жылы 705 нысанға төлқұжат беру, 809-ын бейімдеу қарастырылған.

Бүгінгі күні елордада мүмкіндігі шектеулі 20 945 адам тұрады. Соның ішінде  3857  адамның жас 18-ге толмаған.

«2017 жылдың басынан бері жергілікті және республикалық бюджет есебінен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 460 млн теңгенің әлеуметтік көмегімен қамтылды. Соның ішінде  3506  адам оңалту қызметтерімен қамтылды», - делінген хабарламада.

Қаланың көше-жол желісін бейімдеу шеңберінде 135 бағдаршамда 1061 табло жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке көліктері үшін 36 орын жабдықталған.

1025 қалалық автобустың 609-ы арнайы қайырмалы траптармен жарақталған. Арбамен жүретін мүгедектенрге ыңғайлы болуы үшін тағы 380 автобус сатып алынады.

 




Яндекс.Метрика