Басқару

Н.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасы қаражатының бір бөлігін Назарбаев Университетіне бағыттауды ұсынды

Елбасы Нұрсұлтан Назараев НУ түлектерінің үшінші шығарлымында «Болашақ» бағдарламасының бір бөлігін Назарбаев Университетіне оқытуға бағыттауды ұсынды.
Нұр-Сұлтан27 Мамыр , 14:10

«Болашақ» бағдарламасы қаржысының бір бөлігін аталған университетте білім беруге бағыттаудың уақыты жетті. Осында серіктестік инновацияның пәрменді экожүйесін қалыптастыру маңызды. Әлемге өздерінің идеясын ұсынатын жас ғалымдар консультациялар, бастапқы капитал, заңгерлік қызмет түріндегі жүйелі қолдауды алуы тиіс. Мен үздік лабораторияларға барып, олардың жұмысын көрдім. Оның бірегей жобалары: оңалту, жүрек ауруларын емдеу»,-деді Мемлекет басшысы.

Елбасы айтып өткендей, Университетте басқарушылар мен мұғалімдер білім алуы тиіс, содан кейін осында жинақталған үздік тәжірибені еліміздегі барша ЖОО-ларына енгізу керек.

 «Барлық ЖОО-ларға үздік тжірибені енгізу керек. Біздің университет – жаһандық сынаққаа стратегиялық жауап. Бұл оқу орны Тәуелсіздік жылдарында табысты жүзеге асырылған жобалардың бірі. Біртіндеп осында білікті отандық кадрлармен жеке ғылыми мектеп қалыптасады. Кешекте түлектер бұл оқу орнында ғалым атанады және олардың жобалары елімізде және шетелде мойындалады деп сенемін»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Айта кетейік, аталмыш шарада Елбасы НУ студенттерінің санын екі есеге арттыруға шақырды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика