Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

ҚР-да 2013 жылдың 11 айында төленген әлеуметтік жәрдемақы көлемі 137 млрд теңгені құрады

ҚР-да 2013 жылдың 11 айында төленген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі 137 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықы әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан24 Желтоксан , 11:34

«Биыл республика бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы иелеріне, атап айтар болсақ 493 мың мүгедекке, 181 мың асыраушысынан айырылған азаматтарға, жасы бойынша 10 мың азаматқа 11 ай ішінде 137 млрд теңге жәрдемақы берілді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 300 мыңнан астам отбасы бала туу мен оны асырауға байланысты мемлекеттік қолдауға ие болу құқын алды.

«Ай сайын республикалық бюджеттен 1 жасқа дейінгі балаларды бағып-қағу үшін 153,6 мың жұмыссыз ана жәрдемақы алады. Бала туғанға дейін жұмыс істеген 140 мың ана мемлекеттен баланы бағу үшін жәрдемақы алады», - деп нақтыланған хабарламада.

Айта кету керек, бала туу мен оны бағу үшін берілетін жәрдемақы табыс көлемі, отбасындағы бала санынан тәуелсіз түрде бюджеттен бөлінеді. Қазіргі таңда аталмыш жәрдемақы көлемі олардың қабылданған уақытынан бері тиісінше 5,3 және 3,1 есеге артқан.




Яндекс.Метрика