Халықаралық интеграция

Қыркүйекте ҚР-ҚХР ынтымақтастығы форумының алғашқы отырысы өтеді

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев қытайлық тараптан ҚР-ҚХР сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы, Қытайдың халықаралық сауда келіссөздеріндегі өкілі, ҚХР коммерция министрінің орынбасары Фу Цзынинмен кездесті.
Астана қаласы27 Мамыр , 11:36

СІМ хабарлағандай,  кездесу барысында әңгімелесушілер  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың биылғы жылдың мамыр айында Қытайға жасаған сапары  аясында «Бір белдеу, бір жол» жоғары деңгейдегі  халықаралық ынтымақтастық форумында  бекітілген  келісімдерді  жүзеге асыру мәселелерін талқылады. ҚР-ҚХР ынтымақтастық комитеті аясындағы сауда-экономикалық  ынтымақтастықты нығайту пікірімен бөлісті.

Ш.Нұрышев айтып өткендей, екіжақты қарым-қатынастар  жан-жақты стратегиялық серіктесікті  дамытудың жаңа деңгейіне өту кезеңінде тұр.

«Достастық қарым-қатынас нәтижесінде  екі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларды дамытуға мүмкіндік туды», - деді елші.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен ірі жобаларды инновациялық, өнеркәсіптік, қорғаныс-техникалық салаларындағы мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қыркүйекте  Наннине «ЭКСПО Қытай – АСЕАН»  қаласында ҚР-ҚХР  ынтымақтастығы форумының алғашқы отырысы өтетіндігі келісілді. 




Яндекс.Метрика